«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

  • «URKER» - 2023 Ұлттық байқауына  өтінімдер қабылдау басталды

Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

  1. Жылдың үздік сұхбаты

  2. Жылдың үздік репортажы

  3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал

  4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)

  5. Жылдың үздік аналитикалық материалы

  6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы

  7. Радиостанциядағы үздік жоба

  8. Жылдың үздік фотосуреті

  9. Үздік өңірлік БАҚ

  10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)

  11. Үздік подкаст

  12. Үздік YouTube каналы


Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар кіретін байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» — 2023 естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.


«URKER» — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Другие новости

09.10.2023
Объявлены победители Национальной премии «URKER-2023»

22 сентября в Астане состоялась торжественная церемония награждения победителей Национальной премии «URKER-2023» в области печатной, радио, интернет-журналистики.

В этом году на соискание премии поступило свыше 450 заявок. Материалы отбирали по 12 номинациям. Лучшие работы отбирали члены жюри, в состав которого вошли авторитетные журналисты, медиа менеджеры и международные медиаэксперты.

Подробнее
09.08.2023
Стартовал прием заявок на Национальную Премию «URKER» -2023
Стартовал прием заявок на соискание Национальной Премии в области печатной, радио и интернет-журналистики «URKER» - 2023.
Подробнее
04.07.2023
Объявлены победители Национальной телевизионной Премии «Тұмар-2023»

Стали известны имена обладателей Национальной телевизионной Премии «Тұмар — 2023». В этом году Премия «Тумар» состоялась в седьмой раз.

Подробнее