Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
Ғылыми жиында Нидерланды, Словакия, Түркия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары виртуалды оқыту мен цифрлы білім берудің шекаралары мен форматтарын талқылады.
Спикерлер қатарында Словакия Ғылым академиясының болжау институты профессоры Владимир Бачишин, ТРТ «Түркия үні» радиосы, қазақ редакциясының редактор-жүргізушісі Уфук Тузман, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры Якутхон Мухаммеджановна Маматова, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессорлары Гавра Дмитрий Петрович, Быков Илья Анатольевич, РУДН университеті, журналистика теориясы мен тарихы кафедрасының доценті Матвиенко Валентин Викторович, Медиа дамыту корпоративтік қоры Медиа жобалар бөлімінің жетекшісі Құламан Бибігүл Бөкенбайқызы, «Elorda-Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары Канат Әуесбай Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Костюк Ширин Аалиевна т.б. ғалымдар, практиктер ғылыми баяндама жасады.
Ғылыми шараның бас серіктесі COMENIUS ANALYTICA аналитикалық орталығы қолдауымен журналистика форумының материалдар жинағы Словакияның IRIS Publishing and printing баспа үйінде жарияланады.
Спикерлердің ұлттық коммуникация арналарының интеграциясы, шындыққа негізделген ақпаратты оқу процесіне енгізу туралы тұжырымдары алдағы уақытта академиялық ынтымақтастыққа жол ашады деп сенеміз.