«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды

  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды
  • «Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының  жеңімпаздар жарияланды

Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды. Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік анимациялық фильм» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынады.

Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.

Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.


«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:

Үздік ақпараттық бағдарлама

«Дневной формат» — «Atameken Business» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Жанашыр» — «Жетісу» телеарнасы

Үздік журналистік зерттеу

«Арнайы репортаж» — «Хабар 24» телеарнасы

Үздік аналитикалық бағдарлама

«Apta» — «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ток-шоу

«1001 түн» — «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

«Түнгі студия» — «Jibek Joly» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«Абайдың соңғы күндері» — «Хабар» телеарнасы

Үздік анимациялық фильм

«Дәрігер Дана» — «Rio Production» ЖК

Үздік аймақтық телеарна

«Caspian News» — Атырау қ.

Үздік тележурналист

Әйгерім Мұздыбаева — Бірінші канал «Евразия»

Үздік тележүргізуші

Светлана Булатова — «КТК» телеарнасы

Еркін Байғабылұлы — «Хабар 24» телеарнасы

Үздік спорт комментаторы

Есей Жеңісұлы- «Qazsport» телеарнасы


Арнайы жүлде «31 арна» телеарнасына отандық телевизиялық саланың дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 700 астам кәсіби журналисі қатысуға өтінім беріп, 306 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 83 эксклюзивті мүсінше өз иегерін жеңімпаздар арасынан тауып отыр.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты — сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.

Другие новости

09.10.2023
Объявлены победители Национальной премии «URKER-2023»

22 сентября в Астане состоялась торжественная церемония награждения победителей Национальной премии «URKER-2023» в области печатной, радио, интернет-журналистики.

В этом году на соискание премии поступило свыше 450 заявок. Материалы отбирали по 12 номинациям. Лучшие работы отбирали члены жюри, в состав которого вошли авторитетные журналисты, медиа менеджеры и международные медиаэксперты.

Подробнее
09.08.2023
Стартовал прием заявок на Национальную Премию «URKER» -2023
Стартовал прием заявок на соискание Национальной Премии в области печатной, радио и интернет-журналистики «URKER» - 2023.
Подробнее
04.07.2023
Объявлены победители Национальной телевизионной Премии «Тұмар-2023»

Стали известны имена обладателей Национальной телевизионной Премии «Тұмар — 2023». В этом году Премия «Тумар» состоялась в седьмой раз.

Подробнее