MDQ телеарналарға арнап тренингтер өткізді
«Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры қазақстандық журналистер үшін отандық және шетелдік беделді медиаэксперттерді шақырып, оқыту курстарының жаңа циклін ұйымдастырды. Бұл жолы тренингке «Qazaqstan», «Хабар», «Хабар 24», «Kazakh TV» және «Ел арна» телеарналарының қызметкерлері қатысты.
Цикл авторы «Қазақстандағы фактчек» жобасының бас редакторы Павел Банников болып табылатын «Фактчек негіздері: ашық деректерді жинау және тексеру» тақырыбындағы жеті күндік онлайн курстан басталды. Бұл курс қазақстандық журналистердің құзыреттілігін арттырып, ақпаратты іздеу мен тексерудің жаңа дағдыларын меңгеруге септігін тигізеді.
Келесі тақырып өзектілігі жағынан кем түспейді: «Digital-продюсерлік: digital-ортада медиаөніммен тиімді жұмыс ұйымдастыру жолдары» — беделді digital-мамандар, Ресейдің «Экономика Жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің оқытушылары Дмитрий Бескромный және Вадим Славгородский өткізген үш күндік курста қарастырылды. Оқыту барысында тренерлер журналистерге сұранысқа ие медиаөнімдерді жасау және оларды желіде ілгері жылжыту бойынша өзекті ақпарат пен құралдармен қамтамасыз етті.
Әскери журналист Александр Сладков «Төтенше жағдайдағы репортер жұмысы» атты үш күндік онлайн курсында қазақстандық әріптестерімен төтенше жағдайларда, ыстық нүктелерде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті және қауіпті аймақтардан хабарлау кезіндегі жеке қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.
Дизайн және телевизиялық графика мамандары үшін ресейлік моушн-дизайнер Илья Самохвалов мамандықтың негізгі лайфхактарымен «Сила света» жобаларының мысалында супервайзингке кіріспе» тақырыбындағы оффлайн тренингінде бөлісті.
Сонымен қатар, желтоқсан айының бірінші онкүндігінде телеарна журналистеріне арналған тренингтер сериясы аясында Түркия телерадиокорпорациясы кәсіпқойларының вебинарлар топтамасы өтеді деп күтілуде.