Еліміздің жетекші БАҚ журналистеріне арналған шеберлік сағаты өтті
«Медиа Дамыту Қоры» корпоративтік қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» —нен алынған практикалық мысалдар бойынша елдіміздің жетекші БАҚ өкілдеріне шеберлік сағатын өткізді.
Бірегей сөздік ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой аясында, ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен серіктестікте 2021 жылдың қыркүйек айының басында таныстырылды.
Шеберлік сағатын «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» кітабының авторы — ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Шерубай Құрманбайұлы өткізді.
Шеберлік сағатқа қатысу үшін баспасөз, радио және теледидар бас редакторлары мен журналистері шақырылды.
Шерубай Құрманбайұлының айтуынша, аталмыш сөздік Қазақстанда алғаш рет жарық көрді. Бірақ басқа елдерде мұндай тәжірибе бар. Мысалы, көрші Ресей елінде «Словарь ошибок» деп аталатын қателер сөздер сөздігі бар. Бұл шеберлік сағаты емле мәселелеріне жиі тап болатын журналистер үшін ерекше құнды.
Шеберлік сағаты барысында қазақ тіліндегі сөздерді қате қолдану мысалдары, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер қамтылды. Шеберлік сағаты аясында қатысушыларға мемлекеттік тілдегі сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар айтылды.
Ұйымдастырушылардың ойынша, осы шеберлік сағатты өткізу қазақ тілді журналистердің біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттыруға, отандық БАҚ-тардың практикалық мысалдарында олардың дағдыларын жетілдіруге бағытталған және бүгінгі шеберлік сағаты бүгінгі шарамен шектелмейді.