«Дата журналистикаға кіріспе» курсын онлайн оқытудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интеративті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім, осыған дейін әзірленген дата жобалармен танысу және оны талдау, сараптау, қайта өңдеу секілді жолдармен жүзеге асады. Сондықтан Дата журналистика курсының теориясын және практикасын терең білу журналистер үшін аса маңызды мақсаты болып келеді. Курсты оқу барысында журналистерге белгілі қазақстандық Интернет сайттардағы контентпен, зерттеулерімен танысу ұсынылады.
«Дата журналистика» курсын оқу журналистердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың мультимедиалы әрі визуалды ойлануға, кез-келген интернет ресурстың контентін талдауға, жеке Интернет жоба бастауға, дата сауатты болуға, Интернеттен ақпарат іздеудің тиімді тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
10 сабақ
Тестілеу сұрақтары мен практикалық тапсырмалар
Материалдар дереу пайдалануға қолжетімді
Курстан өткені туралы сертификат
«Дата журналистика» курсын оқу журналистердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың мультимедиалы әрі визуалды ойлануға, кез-келген интернет ресурстың контентін талдауға, жеке Интернет жоба бастауға, дата сауатты болуға, Интернеттен ақпарат іздеудің тиімді тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Курс журналистерге және сала мамандарына қажет. Сондай-ақ, мәліметтермен жұмыс жасайтын, кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін, визуалды ойлану, датамен жұмыс жасау дағдысына ие болғысы келетін студенттерге, аналитиктерге, продюсерлерге қызықты болады.
Курстың барлық материалдары осы парақта орналасқан. Сабақтарға бірден кірісе берсеңіз болады.
Әр модульдің соңында материалды бекітуге көмектесетін тапсырмалар орналасқан.
Курсқа жазылып, жаңа ақпаратты игеріп, тапсырмаларды орындап, электронды сертификатқа ие болыңыз. Бұл тегін!
Бейнедәрістер
Сертификат
Техникалық қолдау